Сәулет және құрылыс факультетінің профессоры, Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлының «Астана мерейі: серт, серпін, сенім» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді

2018 жылғы 4 шілде күні сағат 12.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Күлтегін» атриумында Сәулет және құрылыс факультетінің профессоры, Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлының Астананың 20 жылдығына арналған «Астана мерейі: серт, серпін, сенім» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Аталған көрмеге қаланың даму барысында жасалған түрлі ғимараттардың макеттері мен салынған суреттер қойылады. Көрмеге басқа да жас дарындар өз туындыларын ұсынатын болады.

Шара Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә.Аманшаев мырзаның, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті депутаттары, шетелдік қонақтар мен Елорданың зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өтеді.