ЕҰУ магистранттары көпшілік алдында ашық түрде магистрлік диссертацияларын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс магистранттары: Мейрамбек Бесбаев, Зағипа Иманғазиева, Аякөз Серік, Ерлан Жүнісбай көпшілік алдында ашық түрде магистрлік диссертацияларын қорғайды.

Қазақ мәдениеті мен өнер саласында жүрген белгілі азаматтары ғылым жолындада өздерінің тырнақ алды ғылыми жұмыстарын таныстырып, өз ойларымен бөліседі. Қазақ мәдениетін, өнерін биік бағалайтын, баршаларыңызды магистранттарымыздың ғылыми жұмыстарымен танысуға шақырамыз.

 

Басталуы: 27 маусым, сағат 09.30

Өтетін жері: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Тұңғыш Президент аудиториясы (208 ауд.)

Байланыс: +701-541-83-23