Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Рысбеков Алмаз Кыдыралиевичтің 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша «Өнеркәсіпте қосылған құн тізбегін қалыптастырудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері» тақырыбында дайындалған диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Экономика және қаржы» кафедрасы (Туркестан қ., Қазақстан Республикасы) және Румели Университеті (Стамбул қ., Туркия Республикасы) базасында орындалған.
Қорғау тілі – қазақ тілінде.
Рецензенттер:
Галиева Алма Хаирбулдиновна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, «Экономика» кафедрасы, мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару»;
Сарсенова Динара Жумадиновна – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Сулейман Демирель университеті, «Экономика және менеджмент» Бизнес мектебі, магистратура және докторантура бағдарламаларының директоры, мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару».
Ғылыми кеңесшілері:
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Ыдырыс Серікбай Садуақасұлы (Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Экономика және қаржы кафедрасы);
PhD докторы, профессор Салих Айнурал (Румели Университеті, Стамбул қ., Туркия Республикасы).
Қорғау 2018 жылдың 15 қыркүйегінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте сағ. 10.00, Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2, ОӘҒ, № 302 аудитория мекенжайы бойынша өтеді.
Cайт адресі: www.enu.kz, e-mail: enu@enu.kz.