2018 жылы 26 қазанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақ КСР Ішкі істер министрі, мемлекет және қоғам қайраткері, ішкі қызмет генерал-лейтенанты Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың туғанына 110 жыл толуына және Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытудың өзекті мәселелері мен келешегі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
Конференцияда келесі секция жұмыстары жоспарлануда:
1. Қоғам және мемлекет мүдделерін қорғау бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі;
2. Қазақстанның ішкі істер органдары кадрларын кәсіби даярлау жүйесі және инновациялық үдерістерді енгізу және дамыту аясында білім және ғылымды ары қарай жетілдіру;
3. Қазақстан Республикасының жаңа әкімшілік заңнамасын іске асыру шеңберінде құқық бұзушылықтың алдын алу және әкімшілік-юрисдикциялық қызметінің өзекті мәселелері;
4. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру және іске асыру мәселелері;
5. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында жедел іздестіру қызметін ғылыми және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету;
6. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстанның даму келешегі.
Конференция жұмысына дейін конференцияның материалдар жинағын басып шығару жоспарлануда. Конференцияға қатысу үшін 2018 жылғы 15 маусымға дейін баяндаманы rio.kui@mail.ru поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Байланыс: 8 (7142) 25-52-80, ұялы тел.: 8 7757313617 (Табулденов Әлібек Нұрмағамбетұлы)
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, 110005, Абай даңғылы, 11, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы.