ҚазМемҚызПУ Хабаршысы ғылыми зерттеулер нәтижелерін жариялауға шақырады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 2018 жылдың 16 мамырында №768 бұйрығымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы журналы (ISSN 2306-5079) Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми баспалар тізбесіне (педагогикалық ғылымдар бөлімінде) енгізілгендігін хабарлайды.

Журнал «Педагогика және психология», «Жаратылыстану», «Физика, математика, информатика», «Тарих, экономика, құқық», «Филология», «Өнер және мәдениет» пәндері бойынша ғылыми-педагогикалық мазмұндағы мақалаларды жариялайды.

Оқытушы педагогикалық құрамының, жас ғалымдардың, PhD докторанттардың, магистранттардың ҚазМемҚызПУ Хабаршысына ғылыми зерттеулер нәтижелерін жариялауға шақырамыз.

Басылымның шығу жиілігі – жылына 4 рет.

Журнал туралы толық ақпараттар http://vestnik.kazmkpu.kz сайтында көрсетілген.