«6D020500 – Филология», «6D020700 – Аударма ісі», «6D021400 – Әдебиеттану» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестің ғылыми семинары өтеді

2018 жылдың 27 маусымында сағ. 17.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «6D020500 – Филология», «6D020700 – Аударма ісі», «6D021400 – Әдебиеттану» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестің ғылыми семинары болады.

Күн тәртібінде: Нұриманов Бекарыс Тілегенұлының «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Ежелгі дәуір және Қазақ хандығы тұсындағы әдебиетте ізгілік идеяларының жырлануы» тақырыбындағы диссертациясын талқылау.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері: Әлтай А.Д. филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры; филология ғылымдарының докторы, Гази университетінің (Анкара/Түркия) профессоры Өжал Огуз (Öcal Oğuz).

Талқылау Диссертациялық кеңес залында өтеді (бас ғимарат, 302 ауд.).