«6D030100 –Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) ғылыми дәрежесін алу үшін Ш.К. Акчабаевтың диссертациялық жұмысын өндіріске қабылдау туралы диссертациялық кеңес отырысы өтеді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «6D030100 –Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) ғылыми дәрежесін алу үшін ізденуші Акчабаев Шынарбек Каирбекулының «Азаматтық іс жүргізудегі сот орындаушылар институты қызметінің әлеуметтік–құқықтық аспектілері» диссертациялық жұмысын өндіріске қабылдау туралы диссертациялық кеңесі, з.ғ.д., профессор Б. Ж. Әбдірайым төрағалығымен өтеді.

Диссертация мемлекеттік тілде (қазақ тілі) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Азаматтық және экология құқығы» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Егембердиев Ержан Ошақбайұлы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақ Федерациясы, Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, заң ғылымдарының кандидаты. (Қазақстан, Астана қ.)

Асылбекова Айгуль Ахметовна, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Азаматтық, Кәсіпкерлік және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасының доценті, PhD докторы, (Қазақстан, Астана қ.)

Ғылыми кеңесші: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы Нұрғалиева Е.Н.

Шетелдік ғылыми кеңесші: заң ғылымдарының  докторы, Кастамону университетінің профессоры Явуз Гулоглу (Түркия).

Кеңес 2018 жылғы 2 маусымда сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өтеді.

Мекен жайы: Астана қ-сы, Сәтбаев көшесі 2, БӘҒ, Диссертациялық кеңестің отырыс залы (п 302).