«Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 31 мамыр мен 1 маусым аралығында «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияның негізгі бағыттары:

·  Үздіксіз білім беру және жаһандық әлемнің сын-тегеуріндері.

·  Тұрақты даму факторы ретінде қауіпсіз білім беру ортасы.

·  Өмір бойы оқу контексіндегі көптілді білім беру.

·  Адам. Қоғам. Ақпараттық қоғам.

Конференцияның материалдар жинағына ғылыми мақала енгізу үшін ұйымдастыру жарнасы төленеді. Мақала жібермей тіркелгендер үшін конференцияға тыңдаушы ретінде қатысу және баяндама жасау тегін, іссапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді. Ақпараттық материалдар Конференция сайтында орналастырылған http://lifelong-education-comf.kz.

Байланыс: +7 (717) – 576 325.