«6D020500 – Филология», «6D020700 – Аударма ісі», «6D021400 – Әдебиеттану» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестің ғылыми семинары өтеді

2018 жылдың 27 маусымында сағ. 16.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «6D020500 – Филология», «6D020700 – Аударма ісі», «6D021400 – Әдебиеттану» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестің ғылыми семинары өтеді.

Күн тәртібінде: Абдыханова Бактыгуль Айдапкелевнаның «6D020500 – Филология» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған «Фольклорлық шығармалардың прецедентті мәтін ретінде лингвомәдени қызметі (21ғ. көркем шығармалары негізінде)» тақырыбындағы диссертациясын талқылау.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері: Жақыпов Ж.А. филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры; PhD докторы, Памуккале университетінің профессоры Нергиз Бирай (Түркия).

Талқылау Диссертациялық кеңес залында өтеді (бас ғимарат, 302 ауд.).