«6D060700-Биология» мамандығы бойынша ізденуші Нурсафина А.Ж. (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Нурсафина Акмарал Жексенбаевна «6D060700-Биология» мамандығы бойынша «Gagea және Ixiolirion туысының өсімдік түрлерінің көбею жүйесінің   морфологиялық және молекулалық ерекшеліктерін зерттеу» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Клеткалық биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институтының, жалпы биология және геномика кафедрасының (Астана қ., Қазақстан) және Ернст Моритц Арндт атындағы Грайфсвальд университетінің (Грайфсвальд қ., Германия) базаларында орындалды. Қорғау тілі – қазақ тілінде.

Рецензенттер:

Өмірбекова Наргуль Жаппаровна – биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры.

Иманбаева Ақжүніс Алтаевнабиология ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ ҒК «Маңғыстау экспериментальды ботаникалық бағы» РМК бас директоры.

Ғылыми жетекшісі:

Берсімбай Рахметқажы Іскендірұлы – ҚР ҰҒА академигі, б.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жалпы биология және геномика кафедрасының меңгерушісі (Астана, Қазақстан).

Мартин Шниттлер – Доктор, профессор, Ботаника және ландшафты экология институтының директоры (Грайфсвальд, Германия).

Қорғау 2018 жылдың 26 маусымы Астана қ. уақыты бойынша сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D060700 – Биология мамандығы бойынша диссертациялық мәжіліс кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 010008 Астана қаласы, Қажымұқан 13 көшесі, ғимарат №3, сәулет-құрылыс факультеті, 511 дәрісхана. Қорғау тілі – қазақша.

 

Аннотация (қазақ)

Аннотация (орыс)

Аннотация (ағылшын)

Диссертация

Ғылыми еңбектер тізімі

Шетелдік кеңесшінің пікірі

Ғылыми жетекшінің пікірі

Ресми рецензент А.А. Иманбаеваның пікірі

Ресми рецензент Н.Ж. Өмірбекованың пікірі