«Озық технологиялар дәуірінде жоғары білім беру саласын инновацияландыру» атты жоғары білім беру көшбасшыларының еуразиялық форумы

Назарбаев Университеті ағымдағы жылдың 7-8 маусым аралығында «Озық технологиялар дәуірінде жоғары білім беру саласын инновацияландыру» тақырыбында жоғары білім беру көшбасшыларының еуразиялық форумын өткізуді жоспарлап отыр.

Форумның мақсаты – жоғары білім беру қауымдастығымен аталмыш тақырып аясында білім беру саласын технологиялық және әлеуметтік өзгерістер тұрғысынан талқылау.

Форумның пленарлық отырысында оқытудың жаңа тәсілдері, жаппай ашық онлайн курстары, өмір бойы білім алу, әлеуметтік медиа зардаптарына бейімделу мәселелері қарастырылады. Форумға білім беру саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар, ғалымдар, университет көшбасшылары, оқытушылар және студенттер қатысады. Форумның спикерлері: Джамиль Салми, Исак Фрумин және басқа да әйгілі сарапшылар.

Қатысушылар арасында кәсіби қарым-қатынас орнату, халықаралық және отандық сарапшылар арасында пікір және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру мақсатында Форум ашық диалог алаңын құру форматында ұйымдастырылмақ.

Форумға тіркеу www.ehelf.nu.edu.kz сайтында жүргізіледі. Қатысу құны – 15 000 теңгені құрайды, ерте төлем жасағандар үшін – 10 000 теңге, студенттер үшін – 5000 теңге.

Байланыс: +7 (7172) 69-26-78