Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кенжеғали Жарас «Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі су-энергетикалық фактор» тақырыбында диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 6D020200 – «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кенжеғали Жарас Мақанұлының «Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі су-энергетикалық фактор» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орындалған. Диссертация қазақ тілінде қорғалады.

Рецензенттер:

Жабина Жансая Рифильевна – саяси ғылымдар докторы, доцент, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, мамандығы: 23.00.02 Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар.

Мырзабеков Молдахмет Сейдахметович – тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі, мамандығы: 07.00.15 – Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы.

Ғылыми кеңесшілер:

Кожирова Светлана Басейовна – саяси ғылымдар докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті аймақтану кафедрасының профессоры.

Грегори Глисон – Джордж К. Маршалл атындағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Еуропалық Орталығының саяси ғылымдар профессоры (Германия).

Диссертация 2018 жылдың 12 маусым айында, сағат 10.00 – де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде қорғалады.

Мекен жайы: 010008, Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі 2, Бас ғимарат, Диссертациялық кеңес залы (№302).

Сайт мекен-жайы: www.enu.kz, e-mail: nogayeva_am@enu.kz

 

Аннотация (қаз.)

Аннотация (орыс)

Аннотация (ағылшын)

Диссертация

Ғылыми еңбектер тізімі

Ғылыми кеңесшінің пікірі

Шетел кеңесшісінің пікірі

Ресми рецензент М.С. Мырзабековтың пікірі

Ресми рецензент Ж.Р. Жабинаның пікірі