«KADEX-2018» көрмесін өткізу аясында «Cyber және Digital Security» атты конференция өтеді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен «KADEX-2018» көрмесін өткізу аясында ақпараттық коммуникациялық технологиялар қауіпсіздігі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды обьектілерін қорғау мәселелеріне арналған «Cyber және Digital Security» конференциясы өтеді.

Конференцияға осы саланы реттеудің ұлттық әдістері туралы хабарландыруларымен бірқатар елдердің мемлекеттік реттеушілері, шетел сарапшылары, аса маңызды обьектілердің меншік иелері, тәжірибедегі мамандар және әзірлеуші компаниялардың өкілдері қатысады.

Іс-шара 2018 жылғы 24 мамыр күні сағат 15:00-18:30 уақыт аралығында «KADEX-2018» көрме кешеннің «Конгресс холл» залында (Астана қ., ҚР ҚК Авиациялық базасында) өтеді.

http://kadex.kz/kaz/to_visitors/ сайтында 2018 жылдың 15 мамырына дейін тіркелу арқылы қатысу туралы растау қажет.   

Байланыс: 8 (7172) 74-99-79, 74-95-90, 74-95-64

E-mail: d.tortaev@mdai.gov.kz