«Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар бағыт» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Рухани жаңғыру» аясында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жобасын ілгерілету мақсатында ү.ж. мамыр айында Қостанай қаласында «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар бағыт» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр.

Конференция барысында келесі секциялар бойынша келесі мәселелер талқыланбақ:

1. «Қазақ тілі реформасын ілгерілету бағытындағы мемлекеттік ұйымдары мен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттесуі»

2. «Латын әліпбиіне көшу – болашағы мен басымдықтары. Шет елдердің тәжірибесі»

3. «Жаңа қазақ әліпбиін БАҚ мен визуалды ақпарат арқылы ілгерілету».

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс тілдері.

Конференция материалдарын жариялау үшін 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін tilkostanay@mail.ru, aigerim-2006@mail.ru электронды пошталарына 4-7 бет көлеміндегі мақала жіберілу қажет.

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Мақаланың мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті конференцияға келіп түскен конференция тақырыбы мен талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы.

Мақаланы жариялау және жинақтың PDF нұсқасы авторларға ТЕГІН беріледі.

Мақалаларды конференция жинағына жариялау бойынша сұрақтар үшін байланыс телефондары: 8-705-235-57-37 – Олжабаева Айгүл Ғазизқызы

8-705-746-65-46 – Бимағанбетов Кенжеғали Әмірғалиұлы

8714-2-39-21-99 – жұмыс телефоны

Ақпараттық хат