6D051700 – «Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша Д.А. Айбосынованың философия докторы (PhD) дәрежесін алуға байланысты диссертациялық жұмысты қарастыруға арналған ғылыми семинар

28 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 6D051700 – «Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша Дина Абжалиевна Айбосынованың «Кіші және орта кәсіпорындардың инновациялық қызметін басқару жүйесін жетілдіру (Қазақстан Республикасының материалдарында)» тақырыбына философия докторы (PhD) дәрежесін алуға байланысты диссертациялық жұмысты қарастыруға арналған 6D051700 – «Инновациялық менеджмент» Диссертациялық Кеңестің ғылыми семинары өтеді.

Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Менеджмент» кафедрасында орындалды.