«Білім, ғылым және тәжірибедегі заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы Қазақстанды үшінші жаңғырту аясындағы «Білім, ғылым және тәжірибедегі заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция 2018 жылдың 16 мамыр күні өтеді.

Конференция мақсаты – Қазақстанда және әлемде ғылыми-зерттеу нәтижелерін талқылау, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру, ғылым және бизнесте тиімді қолданылуын анықтау. Конференция оң мотивация, идеялар алмасу және кәсіби байланыстар орнатуды қалыптастыруды көздейді.

Конференцияға қатысу үшін оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, студенттер, педагогикалық қызметкерлер, АКТ мамандары шақырылады.

Конференция жұмысы келесі секция бойынша жоспарланады:

1 секция. Білім беру жүйесіндегі инновациялық, ақпараттық-педагогикалық технологиялар

2 секция. Ақпараттық қоғам шеңберіндегі ғылыми және практикалық зерттеулер

3 секция. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи әдістері.

Конкурс!!! Конференция аясында жарияланатын мақалаларға «Үздік Инфографика» конкурсын жариялаймыз.

Конференцияға қатысу формасы: күндізгі және сырттай қатысу.

Талқылауды өткізу формасы: пленарлық және секциялық отырыс.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысының (секциялық баяндама нәтижелері бойынша) нәтижелері бойынша материалдар жинағын шығару, жеңімпаздарға диплом және қатысушыларға сертификаттар беру жоспарлануда.

Ұйымдастыру жарнасы студенттер үшін – 2000 теңге, оқытушылар, докторанттар, магистранттар үшін – 3000 теңге. Ұйымдастыру жарнасы конференцияға мақаланың қабылдағаны туралы хабарлама келгеннен кейін төленіп, төлем түбіртегі сканерленіп, конференция ұйымдастырушыларына жіберілуі тиіс. Конференцияға келгендегі шығындар қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады.

Мақаланы өткізудің соңғы күні: 28 сәуір, 2018 ж.

Ұйымдастырушылар: ҚазМемҚызПУ, Ақпараттық технологиялар кафедрасы.

Байланыс: Сабит Ботакөз, тел.: 8 7478170692, Аманкелдіқызы Назерке, тел.: 87025564715

Эл. пошта: at@kazmkpu.kz

Тіркеу 2018 жылдың мамыр айының 16 жұлдызында сағат 9.00-де Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің №2 оқу корпусында жүргізіледі.

Басталуы сағат 10.00-де.

 

Ақпараттық хат