2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері. Бейсенов оқулары» атты халықаралық қашықтық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция жұмысы төмендегідей секциялар бойынша өткізіледі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық дамуы;
2. Қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру келешегі және қылмыстылықты ескертудің проблемалары;
3. Қылмыстылыққа қарсы әрекет етудің қылмыстық-процестік, криминалистикалық және жедел-іздестіру аспектілері;
4. Мемлекеттік басқару, әкімшілік құқықты жетілдіру және ІІО әкімшілік қызметі мәселелері;
5. Азаматтық заңнаманы жетілдіру және қазіргі кезеңде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы;
6. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы, дене және психологиялық дайындығы;
7. Заңгердің тіл мәдениеті.
Конференцияның жұмысына қатысу үшін 2018 жылдың 25 маусымына дейін ұйымдастыру комитетіне мыналарды ұсыну қажет:
· мақаланы қағаз және электронды тасымалдағышта (талаптар қоса тіркеледі);
· мақала талқыланған кафедра (орталық) отырысының хаттамасынан үзінді;
· ғылыми дәрежесі жоқ тұлғалар үшін – ғылыми мақаланың тақырыбы бойынша ғылым кандидатынан (докторынан) оң рецензия.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Аталған мерзімнен кеш ұсынылған және талаптарға сәйкес дұрыс рәсімделмеген мақалалар жарияланбайды.
Мекен-жайы: 100021, Қарағанды қ., Ермеков көш., 124, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, жалпы білім беретін пәндер кафедрасы (226 – каб.), ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі (802 – каб.)
е-mail: kafood@mail.ru
Байланыс телефоны: 8 (7212) 30-33-82: Х.К. Оразбаев
8(7212) 30-34-12 Ж. Ш. Құсайынов.
Ұялы тел.: +7 702 334 7571 Ә.Б. Жағыпар.