Үштілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасындағы қалалық олимпиада

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылғы сәуір айында үштілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында қалалық олимпиада өтеді. Олимпиаданың шешуші кезеңі 25 сәуірде өткізілетін болады.

Олимпиаданың мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Олимпиада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Оған 18-22 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Олимпиада келесідей тапсырмалардан тұрады:

·  Берілген тақырыптың мазмұнын толық ашу;

·  Берілген тақырып бойынша эссе жазу;

·  Мәтінге ілеспе аударма жасау.

Олимпиаданың шарты:

1. Олимпиадаға қатысушылар үш кезеңнен өтулері тиіс: бірінші кезең – қазақ тілін білуі; екінші кезең – ағылшын тілін білуі; үшінші кезең – орыс тілін білуі

2. Алдыңғы кезеңнен өткен қатысушы келесі кезеңге қатыса алады

3. Олимпиаданың қорытындысы үш кезеңнен өткен қатысушылар арасында жүргізіледі

4. Бас жүлде иегері республикалық байқауға жолдама алады.

Байқауға қатысуға өтініштер 23 сәуірге дейін қабылданады.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 7-қабат (728 каб.)

Байланыс: 55-67-28, 55-67-26, 55-72-86.

E-mail: g.elembaeva@astana.kz.

 

Ақпараттық хат