«Құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету: жаһандық өзгерістер аясындағы жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Заңнама институты ЕҚЫҰ бағдарламалары офисінің қолдауымен көрнекті ғалым-заңгер, реформатор және Қазақстан Республикасының экс-әділет министрі Н.А. Шәйкеновті («Шайкенов оқулары») еске алуға арналған және Қазақстан Республикасы Заңнама институтының 25 жылдығына орайластырылған «Құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету: жаһандық өзгерістер аясындағы жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция аясында мынадай секциялар жұмысын ұйымдастыру көзделеді:

1.     Н.А. Шайкенов – Қазақстанның құқықтық реформасы мемлекеттік бағдарламасының бас әзірлеушісі және Қазақстан Республикасы Заңнама институтының негізін қалаушы.

2.     Заң шығару процесіндегі қоғамның рөлі.

3.     Жариялық құқық салаларын дамыту және жетілдіру мәселелері.

Конференцияға қатысу үшін 15 мамырға дейінгі мерзімде өтінімді
(1-қосымша), сондай-ақ баяндама мәтінін (2-Қосымша) ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына: shaikenov_2018@mail.kz(link sends e-mail) жіберу қажет. Сырттай қатысу жағдайында материалдарды ұсыну мерзімі – 10 маусымға дейін.

Конференция материалдары жинағының электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасы Заңнама институтының сайтында: www.iz.adilet.gov.kz орналастырылатын болады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Конференцияға қатысу тегін.

Жол жүру және тұру жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Конференцияның жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін.

Қатысушыларды тіркеу сағат 9.30-да.

Ұйымдастыру комитеті: Астана қ-сы., Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі», «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ,
13 «В» кіреберіс.

Аңықтама телефондары: 8-717-274-14-50, 8-717-274-14-85 немесе электрондық мекенжай: shaikenov_2018@mail.kz(link sends e-mail).

 

Ақпараттық хат