Жастар арасында «The Change I want to make» атты халықаралық эссе байқауы өтеді

Жапонияның «Гои бейбітшілік қорының» ақпаратына сәйкес жастар арасында «The Change I want to make» атты халықаралық эссе байқауының өткізілуі көзделіп отыр.

Аталған іс –шара ЮНЕСКО «Тұрақты даму үшін білім жөніндегі әлемдік бағдарламасы» (UNESCO Global Action Program on Education for Sustainable Development) аясында ұйымдастырылады. Байқаудың шарты бойынша эсселер ағылшын, француз, испан, неміс және жапон тілдерінде жазылуы тиіс. Бірінші орынға ие болған қатысушы Жапонияға шақырылады және Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігінің арнайы сыйлығымен марапатталатын болады.

Осыған байланысты қазақстандық жастардың арасында үміткерлер болған жағдайда аталған байқауға қатысуға қажетті өтініштер мен эсселерді үстіміздегі жылдың 15 маусымынан кешіктірмей, ұйымдастырушының мекен-жайына тікелей жолдауды сұраймыз.

 

Қосымша