Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Ескендірова Мәншүк Жұмабайқызының «6D020700 – Аударма ісі» мамандығы бойынша «Методология устного перевода в Казахстане» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасында орындалған.
Қорғау: орыс тілінде.
Рецензенттер:
Тулеубаева Самал Абайқызы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар факультеті шығыстану кафедрасының профессоры (10.02.20 – Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі).
Ермағамбетова Алмаш Садыққызы – филология ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аударма және тіларалық коммуникация кафедрасының доценті (10.02.04 – Герман тілдері; 10.01.03 – Шет елдері халықтарының әдебиеті).
Ғылыми кеңесшілері:
Көлдеева Гүльнар Ілияқызы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының профессоры.
Хухуни Георгий Теймуразович – филология ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу мемлекеттік облыстық университеті лингвистикалық факультетінің тіл теориясы мен англистика кафедрасының меңгерушісі (Ресей).
Қорғау 2018 жылы 19 мамырда, сағат 14.30-да Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Мекен-жайы: 010000, Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, Мәжіліс залы (№302 ауд.).
Сайт мекен-жайы: www.enu.kz, e-mail: mainura_b@mail.ru