Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Төлеубаева А. 6D020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша «Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» шығармасындағы метафоралардың лингвомәдени лакуналар ретінде аударылу ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясын қорғайды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Төлеубаева Ақнұр Мұхитқызының 6D020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша «Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» шығармасындағы метафоралардың лингвомәдени лакуналар ретінде аударылу ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасында орындалған.

Қорғау: қазақ тілінде. Рецензенттер:

Әбуов Жұмағали Әбуұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының меңгерушісі (10.02.02 – Қазақ тілі).

Бағлан Мизамхан – филология ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті аударма және филология факультетінің деканы (10.02.20– Салыстырмалытарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі).

Ғылыми кеңесшілері:

Мұратова Гүлнар Әнуарбекқызы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының профессоры.

Риверс П. Уильям – доктор PhD, Біріккен ұлттық тілдер комитетінің атқарушы директоры (АҚШ, Вашингтон қ.).

Қорғау 2018 жылы 19 мамырда, сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді.

Мекен-жайы: 010000, Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат,

Мәжіліс залы (№302 ауд.).

Сайт мекен-жайы: www.enu.kz, e-mail: mainura_b@mail.ru

Аңдатпа (қаз.)

Аңдатпа (орыс.)

Аңдатпа (ағылшын)

Диссертация

Ғылыми еңбектер тізімі

Ғылыми кеңесшінің пікірі

Шетел кеңесшісінің пікірі

Ресми рецензент Ж.Ә. Әбуовтың пікірі

Ресми рецензент Б. Мизамханның пікірі