«Көркем мәтінді зерттеудің теориясы мен тәжірибесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Академик М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2018 жылдың 25 мамырында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Нығметоллаұлы Негимовтың 70 жылдығына арналған «Көркем мәтінді зерттеудің теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысын келесі секциялар бойынша өткізу жоспарланып отыр:

1. Әдебиеттану және тіл білімінің жетістіктері;

2. Әдебиет теориясының мәселелері;

3. Білім меңгертуде жаңа инновациялық технологияларды қолдану.

Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін өтініш, баяндама мәтінін (ұсынылған талаптарға сәйкес безендірілген) және конференцияның ұйымдастыру және баспа шығынын өтейтін тіркеу жарнасын (3000 теңге көлемінде) жіберу қажет. Баяндамалар 2018 жылдың 25 сәуіріне дейін электронды түрде мәтіні қағазға басылған күйінде қосымша ұсынылуы керек. Хабарламаның немесе баяндаманың мәтіні А4 форматында орындалуға тиіс, толық 5 беттен аспауы керек, Word редакторында, “Times New Roman” 12 шрифтімен, 1.0 интервал парақ енімен түзілген, жиек барлық жақтан 25 мм, УДК көрсетілуі керек.

Конференция материалдары бойынша еңбектердің жинағы шығарылады.

Іссапар шығыны қатысушылар есебінен.

Материалдарды жолдайтын мекен-жай: 150000, Қазақстан Республикасы, Петропавл қ., Пушкин көшесі 86, СҚМУ, қазақ филологиясы кафедрасы.

Телефон / факс: (8-7152) 46-27-96 (11-44), Қадыров Жанбай Тұрарұлы – 87751372610

Е-mail: zhkadyrov_777@mail.ru, Kaf_kz_fil@mail.ru.

 

Ақпараттық хат