Ғылым Декадасы аясында ағылшын тілінде өтетін Халықаралық семинар

2018 жылдың 02 және 11 сәуір аралығында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғылым Декадасы аясында филология факультетінің шетел тілдері теориясы мен тәжірибесі кафедрасы 2018 жылдың 6 сәуірінде «INNOVATION IN ENGLISH LANGUAGE TEACHER EDUCATION» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізеді.

Семинар мақсаты – ағылшын тілінің болашақ мұғалімдері мен оқытуышыларын оқытуда инновациялық және мультимедиялық технологияларды және заманауи тәсілдерді қолдану барысында тәжірибе алмасу.

Семинар ұйымдастырушылары:

–   Жаркынбекова Шолпан Кузаровна, филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, професссор.

–   Бейсембаева Жанна Алибиевна, шетел тілдері теориясы мен тәжірибесі кафедрасының меңгерушісі

Шақырылған қонақтар – негізгі баяндамашылар:

– Нурмолдин Ерик Ерсалынович, Ғылым және инновация департаментінің директоры

– Ольга Патерова, ҚР-ның АҚШ Елшілігінің координаторы “The US Embassy Digital Resources”

– J. Michael Nielsen, Эль-Пасо Техас Университеті, Назарбаев Университетінің ағылшын тілі оқытушысы «Teaching Writing Skills to Advanced English Learners»

– Хомутовский Андрей, «Макмиллан» Баспасының Бас әдіскері «English for Specific Purposes»

– Robertus Hendricus Murrer, Astana English School, № 81 дарынды балаларға арналған мектептің ағылшын тілі мұғалімі «Revision in University Education Associated with Increasing Stress, Depression   and Burn-Out Amongst Students, Teachers and Management»

– José Humberto Baeza Estrada, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасының 2 курс магистранты

Өткізілетін орны және уақыты: Астана қ., Қажымұқан көш., 11, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, оқу-зертханалық ғимарат (№ 5), 224-225 ауд.

«Макмиллан» кітап көрмесі:

Оқу-зертханалық ғимарат (№ 5), Блок «А», 2 қабат

Өткізу уақыты: 13.00 – 16.00

 

Баспасөз хабарламасы