«KADEX-2018» V Халықаралық қару-жарақ пен әскери техникалық мүлік көрмесі өтеді

Құрметті Еуразия ұлттық университетінің студенттері!

2018 жылғы 23-26 мамыр аралығында Астана қаласында «KADEX-2018» V Халықаралық қару-жарақ пен әскери техникалық мүлік көрмесі өтеді.

Көрме 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және өзін жаһандық қорғаныс өнеркәсібі саласындағы соңғы жетістіктерді көрсетудің тиімді алаңы ретінде көрсетті.

«KADEX-2018» көрмесіне әлемнің жетекші өндірушілерінің қару-жарағы мен әскери техникалары ұсынылады және алғаш рет ғарыш өнеркәсібінің жеке павильоны ұйымдастырылады деп күтілуде.

Осыған орай, Сіздерді «KADEX-2018» V Халықаралық қару-жарақ пен әскери техникалық мүлік көрмесіне 2018 жылғы 05-22 мамыр аралығына ЕРІКТІ болуға шақырамыз!

Осы шараға қатысу арқылы Сіз шет тілдерінде сөйлеуге, жеке қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және іскерлік хат алмасуға, әскери-әуе күштерінің тахникасын көрсетудің куәсі болуға мүмкіндік аласыз.

«KADEX-2018» көрмесі аяқталғаннан кейін, Сіздерге белсенді қатысқаны үшін алғыс белгісі ретінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі атынан құрмет сертификаттары табысталады.

Қосымша сұрақтар бойынша: +7 /7172/ 74-94-96, 74-94 22 немесе 8 775 501 58 93