«Дін – рухани жаңғырудың өзегі» атты Х Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасы

2018 жылдың 19-20 сәуірінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы «Дін – рухани жаңғырудың өзегі» атты Х Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасын өткізеді.

Республикалық олимпиаданың мақсаты: студенттердің ислам діні және Қазақстан тарихындағы орны мен ролі туралы тарихи танымдық білімін жетілдіру; діни сана мен тәжірибесінің аксиологиялық, философиялық қабаттары мен болмысы туралы теориялық қолданбалы методологиялық кәсібилік қабілетін арттыру және білім алушылардың дінтанулық және теологиялық мәдениетін қалыптастыру, олардың жеке тұлғалық-шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау, кәсіби іскерлігін жүзеге асыру мен ғылыми ізденушілігіне қызығушылығын арттыру.

Республикалық олимпиаданы жүргізу тілдері: қазақ, орыс.

Республикалық олимпиаданың тақырыптық бағыты:

•         Рухани жаңғыру және түркі ислам мәдениеті

•         Қазақстандағы ислам және діндер тарихы

•         Ислам ғылымдары негіздері

•         Дін және мәдениет пен өркениет қабаттары     

Республикалық олимпиадаға дінтану және теология мамандықтары бойынша оқитын 3 (үш) студенттен құралған командалар қатыса алады.

Республикалық олимпиада екі кезеңнен өтеді:

1) бірінші – ЖОО кезеңі (2017 жыл 01 қаңтарға дейін).

2) екінші – республикалық (мәреге жету) кезеңі (19-20 сәуір 2018 жыл).

Республикалық олимпиада мәреге жету кезеңі – үш турдан тұратын командалар мен студенттердің сайысы (жеке сынақ):

1). Бірінші тур «Ғылыми жоба» – дін тақырыбында ғылыми жоба дайындап, презентация

     жасап, қорғау;

2). Екінші тур «Таным» – теориялық білімге тесттік тапсырмалар;

3). Үшінші тур «Эссе» – жалпы дамуға тапсырмалар (жазбаша).

Республикалық олимпиаданың өту тәртібі және сайысты бағалау өлшемдері олимпиада ережесінде жазылған.

Республикалық олимпиаданың қазылар алқасы мәреге жету кезеңінің нәтижелерін шығарған кезде жеке және командалық сынақ жеңімпаздарын айқындайды. Жеке сынақта сайыстың үш турынан ең көп ұпай алған қатысушы жеңімпаз саналады. Командалық сынақта сайыстың үш турынан ең көп ұпай алған команда жеңімпаз саналады.

Қазылар алқасының құрамы универитеті дінтану кафедрасының оқытушыларынан және ЖОО командаларының жетекшілерінен құралады.

Құжаттар 2018 жылдың 16-сәуіріне дейін мына мекен жайға тапсырылады:

Астана қаласы, А.Янушкеевич көшесі 6, №4 оқу ғимараты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Дінтану кафедрасы. 221 каб.

Rel.st221@yandex.kz.

Моб.тел: 87018448799.

 

Ақпараттық хат