18-19 мамыр аралығында ІІІ Академиялық адалдық және интернационализация тақырыбында конференция өтеді

2018 жылдың 18-19 мамырында Астана қаласында ІІІ Академиялық адалдық және интернационализация тақырыбында конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты: академиялық адалдық туралы теориялық және эмпирикалық зерттеулермен бөлісу; бүкіл әлем бойынша ең үздік тәжірибелерді талқылау және жаңа тәсілдерді қолданысқа енгізу болып табылады.

Кофнеренция келесі бөлімдерден тұрады:

·  Қытайлық және ресейлік жоғары оқу орындарынан бәсекелестік жағдайында қазақстандық жоғары білім;

·  Академиялық адалдық және технологияның әсері;

·  Академиялық адалдық және стратегиялық интернационализация;

·  Ұйымдастырушылық шолуды басқару саясаты мен ресімдері;

·  Erasmus+ арқылы интернационализация.

Толығырақ ақпаратты Конференцияның сайтынан ала аласыздар: http://hse-conference2018/kz/