«5В061000 – Гидрология» мамандығы бойынша І Халықаралық студенттердің пәндік олимпиадасы өтеді

Астана қаласының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2018 жылдың 23-24 сәуірінде өтетін «5В061000 – Гидрология» мамандығы, сондай-ақ су ресурсатары және суды пайдалану, су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау бағыттары бойынша І Халықаралық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз.

Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету; қазіргі заманымыздың ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының және таяу шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары «5В061000 – Гидрология» мамандығында оқитын, сондай – ақ су ресурсатары және суды пайдалану, су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау бағыттары бойынша оқитын студенттер қатыса алады. Оқу мекемесі жіберілетін команданы өздері тағайындайды, команданың мүшелері 4 студенттен аспауы тиіс, құрамында 1-4 курс курстарының студенттері болу керек (оқу қазақ және орыс тілдерінде).

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.

Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне құжаттар тапсыру тәртібі:

·  Студенттер өздерінің жеке куәлігін (паспорт) және студенттік куәліктерін бірге иеленуі керек.

·  Халықаралық студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға өтінімдер 2018 жылдың 7 сәуіріне дейін, арнайы форманының электрондық нұсқасын толтыру керек (әрбір қатысушы үшін толтырылынады ) Мына мекен-жайы бойынша: Астана қ, Мұңайтпасов көшесі, 13, немесе ufan.enu@mail.ru. электрондық адресіне жіберіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: 010010, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 13 (ЦИСИ ғимараты), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, жаратылыстану ғылымдар факультеті, физикалық және экономикалық география кафедрасы, 332 кабинет.

Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар:

·  Сапаров Қуат Табылдыұлы – география ғылымдарының докторы, профессор, Физикалық және экономикалық география кафедрасының меңгерушісі, +7 707 368 3401.

·  Маштаева Шамшагул Ибрагимовна – г.ғ.к., Физикалық және экономикалық география кафедрасының доценті, +7 701 534 0963.

·  Әбдіжаппар Ұлбала Төреқұлқызы – «Гидрология» мамандығы бойынша Жаратылыстану ғылымдар магистрі, Физикалық және экономикалық география кафедрасының оқытушысы +7 05 688 9351.

 

Ақпараттық хат

Олимпиада туралы ереже

Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында негізгі жоғарғы оқу орындарында Республикалық пәндік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсынымдар