«Мамандарды даярлау саласындағы кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру: Мәселелері, қазіргі жағдайда бейімделу жолдары мен мүмкіндіктері» тақырыбында семинар-жиналысы өтеді

2018 жылдың 29 наурызында Астана қаласы, Д. Қонаев көшесінің 7 ғимаратында орналасқан «Rixos President Hotel Astana» қонақ үйінде «Мамандарды даярлау саласындағы кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру: Мәселелері, қазіргі жағдайда бейімделу жолдары мен мүмкіндіктері» тақырыбында семинар-жиналысы өтеді.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың кәсіптік тәжірибені өту барысында пайда болатын өзекті мәселелерді талқылау мен оған қойылатын талаптарды анықтау.

Шараны ұйымдастырушылар – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментке қарайтын «Мансап және бизнес-әріптестік» бөлімі мен «Туризм» кафедрасы.

Семинарға жоғары оқу орын өкілдері мен жұмыс берушілер қатысады.

Семинар жиналысында білім алушылардың кәсіптік тәжірибенің қазіргі жағдайына қатысты сұрақтар, мүмкіндіктері, мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланатын болады.