ЕҰУ «Жас ғалымдар кеңесі» «Студенттердің ғылыми қоғамымен» бірлесіп «Тәуелсіздік дәуіріндегі Қазақстан ғылымы (1991-2018)» атты ғылыми инфографикалар байқауына қатысуға шақырады

Құрметті әріптестер, жас ғалымдар!

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Жас ғалымдар кеңесі» «Студенттердің ғылыми қоғамымен» бірлесіп «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында және ғылым онкүндігі аясында жас ғалымдар мен ізденушілер арасында «Тәуелсіздік дәуіріндегі Қазақстан ғылымы (1991-2018)» атты ғылыми инфографикалар байқауына қатысуға шақырады.

Байқауға қатысуға 14-35 жас аралығындағы барлық жас ғалымдар мен ізденушілер, студенттер мен мектеп оқушылары шақырылады.

Байқауға қатысуға ұсынылатын жұмыс – көлемі А4 форматында ғылыми инфографика.

Инфографиканың мазмұнына қойылатын басты талап:

– Қазақстандағы нақты бір ғылым саласының 1991 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі тарихы, дамуы, жетістіктері мен көрсеткіштері қамтылуы тиіс.

Байқауға ұсынылған еңбек бірнеше автормен жарияланған жағдайда, қатысушылардың жеке үлесі көрсетілуі міндетті.

Инфографика 2018 жылдың 20-наурызынан 4-сәуір аралығында әлеуметтік желілердің (facebook, Instagram, vkontakte) бірінде #smu_sno_enu #ғылыми_инфографика хэштегтерімен жариялайды.

Үздік жұмыстар сарапшылар комиссиясының шешімен анықталып, ғылым декадасы аясында салтанатты түрде диплом, сертификат және алғыс хатпен марапатталады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

010005, Астана қаласы, Қ. Сәтбаев, 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ғылым бөлімі, №1 ОӘҒ, 408 кабинет.

Индира Рыстина (Indira Rystina) – Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, +7 701 0446644, enu.smu@gmail.com.

Болатұлы Нұржан – Студенттердің ғылыми қоғамының төрағасы, +7 707 6621452, nur.bolatuly01@gmail.com.