2018 ж. 28 наурызда журналистика және саясаттану факультетінде дәстүрлі ашық есік күні өтеді.

Құрметті мектеп түлектері мен ата-аналар!

2018 ж. 28 наурызда «Балалар ақпараттық кеңістігі: кәсібилік, шығармашылық және ресурстар» тақырыбында жастар бұқаралық ақпарат құралдарының ХІV халықаралық медиафестивалі аясында журналистика және саясаттану факультетінде дәстүрлі ашық есік күні өтеді.

Аталған іс-шарада фестиваль женімпаздарын марапаттау және «Журналистика», «Саясаттану», «Баспа ісі», «Қоғаммен байланыс» мамандықтары таныстырылады. Факультеттің профессор, оқытушылары, танымал журналистер, үздік студенттер мен жұмыс берушілер де қатысады.

Сіздерді, ата-аналарыңызды және достарыңызды осы шараға қатысуға шақырамыз!

Мекен-жайы: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, №4 оқу ғимараты, Янушкевич көшесі,6.

Уақыты: 11:00

Байланыс телефоны: +7 (7172) 709500 (35213).