«Шоқан оқулары – 22» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 2018 жылдың 27 сәуір күні дәстүрлі «Шоқан оқулары – 22» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференцияда келесідей секциялық бөлімшелерде қазіргі заманғы ғылымның түрлі салаларының көкейкесті мәселелері қарастырылады:

1. Шоқантану;

2. Тарих, география және этнология;

3. Философия, саясаттану және әлеуметтану;

4. Жалпы педагогика;

5. Педагогтардың біліктілігін арттырудың деңгейлік курстары: білім беру мазмұнын жаңартудағы ролі.

6. Психология;

7. Жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар:

7.1. Физика және ФОӘ;

7.2. Математика және МОӘ;

7.3. Информатика және ИОӘ;

7.4. Химия және ХОӘ;

7.5. Биология және БОӘ;

8. Филология:

8.1. Қазақ филологиясы;

8.2. Орыс филологиясы;

8.3. Шетел филологиясы;

9. Өнертану;

10. Экономика;

11. Ауылшаруашылық ғылымдары;

12. Техникалық ғылымдар;

13. Энергетика;

14. Құқықтану;

15. Экология және табиғатты қорғау;

16. Туризм және спорт.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарық көреді (.pdf түрінде). 2018 жылдың 31 наурызға дейін ұйымдастыру комитетінің shokan_ualixan22@mail.ru электрондық мекен-жайына мақала мәтінін (файл атауы: секция № мақаланың бірінші авторының тегі; мысалы: 1.2._Бакенеев_мақала); мақаланы жариялау туралы өтінім (өтінім нысаны бар); төлем құжатын (электрондық түрде болса – сканерленген) жіберулеріңізді сұраймыз.

Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар мақалаларына ғылым докторының/кандидатының немесе PhD қолы, мөрі қойылған рецензияны (сканерленген түрде; jpg формат) қоса ұсыну міндетті. Көрсетілген мерзімге дейін жіберілген материалдар ұйымдастыру комитетімен қарастырылады. Көрсетілген мерзімнен кеш берілген материалдар немесе талаптарға сәйкес толтырылмаған материалдар қарастырылмайды және кері қайтарылмайды. Студенттердің жұмыстары қабылданбайды.

Конференцияға қатысушылар үшін төленетін ұйымдастыру жарнасы 3 000 теңге.

 

Ақпараттық хат