«Сейфуллин оқулары – 14: Жастар, ғылым, инновациялар: цифровизация – жаңа даму кезеңі» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференциясы

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (ҚазАТУ) «Сейфуллин оқулары – 14: Жастар, ғылым, инновациялар: цифровизация – жаңа даму кезеңі» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияға ғылыми зерттеулермен айналысатын ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер шақырылады.

Негізгі күндер:

·  тезистерді қабылдаудың соңғы күні – 2018 жылдың 26 наурызы;

·  конференция өткізілетін күні – 2018 жылдың 25 сәуірі.

Конференция келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1) Агроөндірістік кешеннің тұрақты дамуындағы цифрлық технологиялардың рөлі;

2) Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануда ақпараттық технологияларды қолдану;

3) Тамақ өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау цифрлық технологиялары;

4) Ақмола ауылшаруашылығы институтының бірінші директоры, т.ғ.к. Т.Г. Духовтың туылғанына 100 жыл толуына тураланған «Агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологияларды техникалық қамтамасыз ету» секциясы;

5) Ветеринариядағы инновациялық жаңашылдықтар мен IT-технологиялар;

6) Мал шаруашылығы, балық шаруашылығы және аң шаруашылығының қазіргі заманауи аспектілері;

7) Биология және биотехнологияның қазіргі мәселелері;

8) Жерге орналастыру, кадастр, бағалау және геокеңістіктік технологиялар. Экономикадағы цифрлаудың рөлі;

9) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және дизайнның сандық технологиялары;

10) Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында энергияны үнемдеу және энергиялық тиімді технологиялар;

11) Цифрлық технологиялар және телекоммуникациялық жүйелер;

12) Төртінші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асырудың бухгалтерліканалитикалық және қаржылық аспектілері;

13) Цифрлық экономикадағы маркетинг – менеджмент;

14) Цифрлық технологиялардың қолданылуы мен дамуының заманауи әлемдегі жаңа аспектілері;

15) Кәсіби білім беруде инновациялық технологияларды қолдану арқылы адами капиталды жаңғырту;

16) Жаратылыстану және математика ғылымдарының өзекті мәселелері;

17) «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы тарихи зерттеулер;

18) Рухани жаңғыру жағдайында көптілділік білімді жүзеге асыру мәселелері;

19) «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы философиялық ойлаудың өзекті мәселелері.

Конференцияның жұмыс тілдері: мемлекеттік, орыс, ағылшын.

 

Ақпараттық хат