«Замануи өнердегі (non)классикалық музыка» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

2018 жылғы 26-27 сәуірдегі

Қазіргі заманғы өнер: классика мен жаңа шығармашылық түрлер, этникалық және ұлт үстілік, шынайылық және виртуалдық арасында жиі ұшырасып жатады. Музыка жиі кино, бейнелеу өнеріндегі көркемдік дизайнның бір бөлігі болып табылады, театрда кең ауқымды жобаның бөлшегі ғана емес, теңқұқылы шығармашылық контексттердің бірі болады. Өз кезегінде, композиторлар мен орындаушылар шығармаларында көбінесе визуалды әсер мүмкіндіктерін, жарықты, түстер мен музыкалық партитурларда бейнебаян қатарларын пайдалана отырып, таза музыкалық жанрдан ауытқып отырады. Өнер, дәстүрлер мен жанрлардың өзара қарым-қатынасы көркемөнер тарихына біздің конференцияның жұмыс бағыттары негізіндегі бірқатар мәселелерді ұсынады:

·        Классикалық емес жағдайдағы классикалық музыка.

·        Классика мен классикалық емес тақырыптарды ғылыми талдау әдістер.

·        «Кроссовер» феномені.

·        Музыкадағы театрлылық, фильмнің музыкалық сипаты, дыбыс пен кескіндеме және өнердің өзара кірігуінің басқа да мәселелері.

·        Шығармашылық пен ғылымдағы этникалық және халықаралық классикаға классикалық емес тәсілдер.

·        Қазіргі заманғы өнердегі мектеп және дәстүр.

Бұл сұрақтар ойлану бағытын береді, бірақ оны шектемейді. Конференция аясында қазіргі заманғы өнердің сессиялық отырыстары мен концерттері өтеді.

Конференция тілдері: қазақ, ағылшын және орыс тілдері. Баяндама түрінде немесе концертте шығармашылық нөмер түрінде қатысуы мүмкін.

Баяндаманың көлемі, оның ішінде аннотациялар мен сілтемелер – 20 мыңға дейінгі белгі.

Мекен-жай : 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ. 86. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.

E-mail: knk.nauka@gmail.com.

Тел.: +7(727) 2729095.

 

Ақпараттық хат