«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы ғылым, білім және өндіріс» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы ғылым, білім және өндіріс» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның ғылыми бағыттары:

·  Секция 1. Ғылым, білім, өндіріс: жеке тұлғаның шығармашылық рөлі;

·  Секция 2. Төртінші өнеркәсіптік революцияның ғылыми басымдықтары;

·  Секция 3. Адами капитал – экономиканы ғылыми және технологиялық жаңғыртудың драйвері ретінде;

·  Секция 4. «Ақылды», «цифрлы», «жасыл» технологиялар табысты экономикалық өсудің кепілі.

Конференцияны өткізу 2018 жылдың 7-8 қыркүйегіне жоспарлануда.

Конференция бағдарламасына пленарлық баяндамалар енгізіледі (ұйымдастыру комитетінің шақыруы бойынша).         

Конференциядағы жұмысты орындау тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Конференция жұмысына қатысу үшін өтініш пен мақаланы kargu2018konf@mail.ru электронды поштасына толтырып жіберу керек. Материалдарды қабылдау мерзімі 2018 жылдың 10 мамырына дейін.

Мақала көлемі – А4 форматындаға толық 3-5 бет.

Қазақстан Республикасының қатысушылары үшін конференцияға қатысу үшін тіркелу жарнасы 3 000 (үш мың) теңге, шет елдерден және ТМД-дан қатысушылар үшін – тегін.

2018 жылдың 10 мамырына дейін төленеді. Тіркеу жарнасы құнына: конференция жұмысына және іс-шараларға қатысу, барлық отырыстарға қатысу, электронды түрдегі конференция материалдарын шығару кіреді.

Байланыс телефондары: Инновациялық-технологиялық орталық 8 (7212) 77-04-25, kargu2018konf@mail.ru, С.С. Қасымов, А.С. Балтабеков.

 

Ақпараттық хат