11 мамыр 2018 ж. ғалымдарды, оқытушыларды, докторанттарды, магистранттарды, студенттерді (жетекшісімен бірге) тарих ғылымдарының докторы, профессор Кадысова Роза Жумабаевнаның еске алуына арналған «Тарихи ғылым «Рухани жаңғыру контекстінде» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырылады.
Конференцияның қатысушыларына сертификаттар, алғыс хаттар (жетекшілерге) табыс етіледі.
Конференция аясында қазіргі ғылымның әр түрлі салаларындағы өзекті мәселелері бойынша төмендегі секциялардың жұмысы жоспарланып отыр:
1. Тарихи естелік – қоғамдық сананы жаңғырту іргетасы.
2. Азаматтық және отан сүйгіштіктің қалыптасуына, Қазақстанда тарих ғылымының дамуына Роза Жұмабайқызы Кадысованың үлесі.
3. Қазақстандағы модернизациялық процестер: тарихи тәжірибе, қазіргі жағдайы және болашағы.
4. Гуманитарлық ғылымдарының өзекті мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс және т.б.
Материалдарды жауапты хатшының электрондық поштасына жолдауыңыз тиіс. Тапсыру мерзімі 2018 жылдың 16 сәуіріне (қоса алғанда) дейін.
Мақаланың көлемі А4 форматта 3-5 бетке дейін болуы тиіс.
Оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға жинақтың бағасы – 3 000 теңге, студенттерге – 2 500 теңге. ТМД және алыс шет елдердің қатысушылары үшін – 3 000 теңге (530 руб., 10$).
Мақалалардың қабылданғаны немесе қабылданбаған жөніндегі ақпарат 2018 жылдың 23 сәуіріне дейін Сіздің электрондық адресіңізге жіберілетін болады.
Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, ҚР БҒМ С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі (А-238а кабинеті).
Тел.: +7 (7182) 673683 (ішкі: 11-12, 11-14), ұялы тел.: +7 705 4091026, +7 708 5221964.