«Қазақ әдебиеті мен әдебиеттануының рухани жаңғырудағы орны мен ролі» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы 2018 жылдың 27 сәуірінде көрнекті әдебиет теоретигі, ҚР ҰҒА академигі Зәки Ахметовтің 90 жылдығына арналған «Қазақ әдебиеті мен әдебиеттануының рухани жаңғырудағы орны мен ролі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференция жұмысының бағыттары:

1. Рухани жаңғыру кезеңіндегі ұлттық әдебиет.

2. Мәдениеттер интеграциясы және ұлттық код.

3. Әдебиеттің теориялық-әдіснамалық негіздері және З.Ахметов еңбектері.

4. З.Ахметов және Абайтану ғылымы.

5. Ұлттық тіл білімінің өзекті мәселелері.

Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін мына мекен-жайға жіберуге болады: 010000 Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 11, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 330 кабинет, қазақ әдебиеті кафедрасы.

Электрондық пошта: Zaky_Akhmetov90@mail.ru.

Баяндама материалын рәсімдеу тәртібі:

Баяндама мәтіні 5-7 бет көлемінде, А-4 форматымен, Times New Roman шрифтімен, 14 көлемінде, 1 интервал аралығында, барлық жағынан 20 мм қашықтықпен жазылуы тиіс.

1. Мақаланың аты ортада бас әріппен жазылады.

2. Оның астында екі аралықтан соң бас әріппен автор(лар)дың аты-жөні және тегі, жіберуші ұйымның (ЖОО) аталымы, ел (мемлекет) аты,электрондық адресі оң жаққа курсивпен беріледі.

3. Бір интервалдан кейін мақаланың ағылшын тілінде аннотациясы беріледі (100-150 сөз)

Келесі жолға мақала мәтіні жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында беріледі. Сызбалар, суреттер және бейнелер жеке файл түрінде ұсынылады.

Тақырыпқа сәйкес келмейтін, сондай-ақ, талапқа сай емес мақалалар жинақта жарияланбайды.

Байланыс телефондары: +7 (7172) 709500 (факс) (ішкі телефон: 32-313, 32-319), +7 705 1810177.

Конференцияға қатысушылардың жол қаражаты жіберуші ұйымның есебінен төленеді.  

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілі.

Конференцияның ұйымдастыру жарнасы – 3 000 теңге.

 

Ақпараттық хат