«5В070200 – Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша X Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ақпараттық технологиялар факультетінің базасында 2018 жылдың 23-24 сәуірінде 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша
X Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы өтеді

Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету; қазіргі заманымыздың ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша оқитын студенттері қатыса алады. Оқу мекемесі жіберілетін команданы өздері тағайындайды, команданың мүшелері 3 студенттен аспауы керек, құрамында 3-4 курс курстарының студенттері болу керек (қазақ және орыс тілдерінде білім алушылар).

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақша және орысша.

Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысу үшін өтініштер 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін қабылданады. Арнайы бланктің электрондық нұсқасын (әрбір қатысушы үшін) толтырып, мына мекен-жайға жіберу керек: Астана қ., Пушкин көшесі 11, немесе au.olimp.enu@gmail.com электрондық поштасына.

Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар:

1. Оспанов Серик Сатыбалдиевич – т.ғ.к., профессор, жүйелік талдау және басқару кафедрасының меңгерушісі, байланыс телефоны: 8 (707) 766 73 96.

2. Садвакасова Асемгуль Узаковна – жүйелік талдау және басқару кафедрасының аға оқытушысы, байланыс телефоны: 8 (777) 257 00 30.

Электрондық пошта: au.olimp.enu@gmail.com

Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жайдан алуға болады: 010010, Астана қ., Пушкин көшесі, 11 (АТФ ғимараты), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ақпараттық технологиялар факультеті, 604 офис, Жүйелік талдау және басқару кафедрасы.

 

Ақпараттық хат

Олимпиада туралы ереже