Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Нургуль Шайкенова «Өндірісті диверсификациялауды экономикалық бағалау және оның оңтайлы стратегияларын таңдау” тақырыбында дайындалған диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Шайкенова Нургуль Тыныштыковнаның 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша «Өндірісті диверсификациялауды экономикалық бағалау және оның оңтайлы стратегияларын таңдау (Солтүстік Қазақстан өсімдік шаруашылығы материалдары негізінде)» тақырыбында дайындалған диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Экономика» кафедрасы (Астана қ., Қазақстан Республикасы) және Монғол мемлекеттік ауыл шаруашылығы университеті (Ұлан-Батор қ., Монғолия) базасында орындалған. Қорғау тілі – қазақ тілінде.

Рецензенттер: Шалболова Урпаш Жаниязовна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару»; Керимова Укиляй Керимовна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасы, мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару».

Ғылыми кеңесшілері: экономика ғылымдарының докторы, профессор Құсайынов Талғат Аманжолович (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті); экономика ғылымдарының докторы, профессор Бакей Агипар (Монғол мемлекеттік ауыл шаруашылығы университеті, «Экономика және бизнес» институты, Ұлан-Батор қ., Монғолия).

Қорғау 2018 жылдың 20 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте сағ. 15.00, Астана қаласы, К. Сатпаев көшесі 2, ОӘҒ, № 302 аудитория мекенжайы бойынша өтеді.

Cайт адресі www.enu.kz, e-mail: enu@enu.kz.

Аңдатпа (3 тілде)

Диссертация

Ғылыми еңбектер тізімі

Ғылыми жетекшінің пікірі (Бакей А.)

Ғылыми жетекшінің пікірі (Кусайынов Т.А.)

Ресми рецензент У.Ж. Шалболованың пікірі

Ресми рецензент У.К. Керимованың пікірі