Саясаттанудан мектеп оқушыларының ІІ Республикалық «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН» олимпиадасы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасы «САЯСАТТАНУШЫЛАР КЛУБЫ» және “ЕҰУ Студенттердің Ғылыми Қоғамымен” бірлесе отырып 2018 жылдың 27-наурыз күні өтетін ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдармалық мақаласын насихаттау және «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегін оқушыларға түсіндіру, танымалдылығын арттыру мақсатында, сонымен қатар, ХХ ғасыр басындағы даңқты, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақтың автономиялық Алаш мемлекетін құрушы, оның басшысы әрі премьерминистрі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның кейінгі ұрпаққа қалдырған ғылыми-публицистикалық мұрасын дәріптеу мақсатында жалпы орта білім беретін оқу-тәрбие ұйымдарының (мектеп, лицей, гимназия) 8-9, 10-11 сынып оқушылары арасында саясаттанудан мектеп оқушыларының ІІ Республикалық «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН» олимпиадасына қатысуға шақырады.

Байқауға қатысудың талаптары мен шарттары және мазмұны жөніндегі толық ақпарат (https://vk.com/sayasattanu01) Байқау ережесінде көрсетілген.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010005, Астана қаласы, А. Янушкевич көшесі, 6, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Саясаттану кафедрасы, №4 оқу корпусы, 323 кабинет.

Тел.: +7 (7172) 709503 (ішкі: 35-213).

https://vk.com/sayasattanu01

Копежанова Данагуль Едигеевна +7(707)520-4740

Рыстина Индира Садыбековна +7(701)044-6644

Болатұлы Нұржан +7(707)662-1452

 

Ақпараттық хат

Саясаттанудан мектеп оқушыларының ІІ Республикалық «Әлихан Бөкейхан» олимпиадасы туралы Ереже