«Филология ғылымындағы ізденістер мен жаңалықтар» атты докторанттар мен магистранттардың V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасы 2018 жылдың 29 наурызында «Филология ғылымындағы ізденістер мен жаңалықтар» атты докторанттар мен магистранттардың V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция жұмысы төмендегідей бағыттарда жүргізіледі:

1. Әдебиеттану: Қазіргі әдеби процесс және әдебиет теориясының өзекті мәселелері;

2. Тіл білімі: Лингвистикалық зерттеу аспектілері;

3. Рухани жаңғыру кезеңіндегі фольклор және мәдениеттану.

Конференция материалдары қазақ, орыс, ағылшын және түркі тілдерінде қабылданады.

Баяндама мәтіні 5 беттен кем емес, А4 форматымен, Times New Roman шрифтімен, 14 көлемінде, 1 интервал аралығында, барлық жағынан 20 мм қашықтықпен жазылуы тиіс. Баяндамаға ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде резюме берілуі керек.

Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2018 жылдың 25 наурызына дейін мына мекен-жайға жіберуге болады: 010000 Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 11, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 330 кабинет, қазақ әдебиеті кафедрасы.

Электрондық пошта: kafedra_kzli@enu.kz; aimukhambet_zha@enu.kz.

Байланыс телефондары: +7 (7172) 709500 (ішкі телефон: 32-313, 32-319).

 

Ақпараттық хат