Республикалық ғылыми-практикалық конференция «Математикалық және компьютерлік модельдеудің заманауи мәселелері Қазақстанның цифрлы индустриясының дамуы жағдайында»

Құрметті әріптестер!

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Сізді және Сіздің әріптестеріңізді «Математикалық және компьютерлік модельдеудің заманауи мәселелері Қазақстанның цифрлы индустриясының дамуы жағдайында» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция секциялары:

·   Математикалық және компьютерлік модельдеу.

·   Математика және механиканың өзекті мәселелері.

·   Ақпараттық және цифрлық технологиялар.

·   Білім берудегі инновациялық әдістер.

Конференция бағдарламасында пленарлық (ұйымдастыру комитетінің шақыруымен) және ауызша баяндамалар қамтылады.

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Конференция басында тезистер жинағы шығарылады.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2018 жылдың 10 сәуіріне дейін тіркелу формасы, баяндама тезисі және ұйымдастыру жарнасының төленгендігі туралы түбіртек техникалық хатшылар Жүсіпова Динара Серікжанқызына (zhus.dinara@yandex.kz) және Еңсебек Нәризат қызына (n.yensebek@mail.ru) электрондық пошта арқылы жіберілуі тиіс.

Ұйымдастыру жарнасын тіркелу кезінде төлеуге болады. Конференция соңында программалық комитет ұсынған баяндамалардың толық нұсқалары ISBN тағайындалған электрондық жинақта жарияланады.

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы – 3000 теңге, PhD докторанттар, магистранттар үшін – 2000 теңге.

Конференция өтетін орын: Астана қ., Қажымұкан Мұңайтпасов көшесі, 13, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 3-корпус, механика-математика факультеті. Жатын-орын шығыны конференцияға қатысушылардың есебінен. Байланыс тел.: 8(7172) 709-500 (ішкі 33-214), +77023933523 (Нугманова Гулгасыл Нукарбаевна), +77019994047 (Сергибаев Расул Аркалыкович).

 

Ақпараттық хат