Студенттер мен жас ғалымдардың «Мәдениет пен тілдердің өзара қатынасындағы аудармашылық қызмет» атты I Халықаралық ғылыми конференциясы

Конференцияның тақырыптық бағыттары:

•   Аударманың әдіснамасы мен дидактикасы

•   Көркем аударманың теориясы мен практикасы

•   Ақпаратты аударманың теориясы мен практикасы

•   Аударманың лингвистикалық аспектілері

•   Аудармашының тілдік тұлғасы.

Аталған конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін электронды нұсқада өтініш, баяндама мәтіні мен ғылыми жетекшінің рецензиясы (ғылыми жетекшінің қолы жұмыс орындалған мекеменің мөрімен расталуы керек) жіберілуі қажет.

Өзектілігі, зерттеу жаңалығы жоқ, бөгде адамдардың ғылыми зерттеулерінің фрагменттері (плагиат) пайдаланылған материалдар конференция жұмысына қатыстырылмайды.

Материалдарды мына мекен-жай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:

010008, Астана қ., Қажымұқан көшесі, 11, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (филология факультеті).

Тел.: +7 (7172) 709500 (ішкі: 32-301), 8705-502-89-85 – Айжан Аккалиева, +7 775 2326595 – Нұрмира Жұмай.

Е-mail: conf_2018@mail.kz.

 

Ақпараттық хат