Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы (9-12 сәуір 2018 ж.)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті 2017 жылдың 9-12 сәуір күндері өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияға жұмысына Қазақстан Республикасы мен шетел студенттері, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар шақырылады.

Конференцияға қатысушылардың баяндамалары (тезис материалдары) 2018 жылдың 1 сәуірге дейін қабылданады.

Конференцияның салтанатты жабылу рәсімі 12 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер сарайында өтеді.

Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері:

1) студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденістері мен оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру;

2) студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі ғылым мәселелерін шешуге тарту;

3) студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып дамыту және талантты, әрі дарынды студенттерге қолдау көрсету;

4) студенттердің интелектуалды мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету.

Конференцияда төмендегідей секциялар жұмыс істейді:

► Дәстүрлі тіл білімінің жетістістіктері және xxi ғасырдағы тіл білімінің жаңа парадигмалары

► Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері

► Тосқауылсыз тіл

► Ғаламның тілдік бейнесі және мәдениетаралық қарым-қатынас

► Орыс филологиясының өзекті мәселелері

► Шет тілдерін оқутыдың теориясы мен әдістемесі

► Мемлекеттік тіл – рухани жаңғыру тілі

Халықаралық конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысты шығындарды қатысушылар өздері төлейді.

Тіркеу қағазы мен тезистердің электронды нұсқасын 2018 жылдың 1 сәуірге дейін конференция хатшылары қабылдайды.

Конференция материалдары жинақ түрінде баспадан шығарылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71. Тел.: +7 (727) 3773339 ішкі 1321,1332 – филология және әлем тілдері факультетінің жауапты маманы Құлжанова Бақытгүл. +77017314047. Конференция материалдарын мына электронды мекен-жайға жіберулеріңізге болады: farabi.alemi@gmail.com.


Ақпараттық хат