«Қазіргі заманғы көптілді кеңістікте шетел тілдерін оқытудың кіріктірілген әдісі» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

Сіздерді «Қазіргі заманғы көптілді кеңістікте шетел тілдерін оқытудың кіріктірілген әдісі» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз. Конференция 2018 жыл, 28 наурыз күні Атырау қаласы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өтеді (Студенттер данғылы 212, акт залы.)

Конференция барысында мына мәселелер талқылауға ұсынылады.

1. Қазіргі заманғы көптілді кеңістік, перспективалар және мақсаттар.

2. Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту: құзыреттілікті дамытудағы жаңа қадам.

3. STEM – білім берудің жаңартылған мазмұны.

4. Білім беру үрдісіндегі инновациялық технологиялар.

5. Көптілді кеңістікте полимәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырудың негіздері.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу және баспа материалдарын 2018 жылдың 20 наурызға дейін мына электрондық адреске gulzada.tulenova@mail.ru жіберу керек:

  1. Баяндама мәтіні 6 беттен артық емес.
  2. Ережеге сәйкес пайдаланған әдебиеттер сілтемесі тік жақшамен әдебиеттер тізімі бойынша рәсімделу керек.
  3. Мәтін аңдатпасы болуы керек (орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде 4-5 сөйлеммен)
  4. Орыс, ағылшын тілдерінде тірек сөздер (10 сөзден көп емес).
  5. ӘӨЖ болуы керек (кітапханадан).

Конференция материалдарының жинағы тура көшіру әдісімен терілетіндіктен мақала-баяндама мәтінінде төменде көрсетілген талаптардың толық сақталуын және мұқият редакцияланған күйде ұсынылуға тиіс екенін ескертеміз. Көрсетілген уақыттан кеш ұсынылған немесе талапқа сай рәсімделмеген материалдар қарастырылмайды және кейін қайтарылмайды.

Конференцияны өткізгеннен кейін материалдардың электронды жинағы, ISBN нөмірі қойылып шығарылады. Жинақтың электронды нұсқасы Атырау қаласының Х. Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінің сайтына орналастырылады. Ғылыми мақалаларды шығару тегін.

Байланыс телефондары: 8 701 4268595, 8 701 9109870 – жинақ редколлегиясы, 8 702 8111233 – жинақ редколлегиясы.

 

Ақпараттық хат