5 наурызда «ENU-Lab» зертханасы ашылады

2018 жылы 5 наурызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ) аясында құрылған «ENU-Lab» ғылыми-өндірістік орталығы» сынақ зертханасының салтанатты ашылуы өтеді.

«ENU-Lab» 2017 жылдың 12 мамырында құрылған сынақ зертханасы. Ендігі жерде ол өзінің сынақ нәтижелерін ILAC тәртібі бойынша тіркейтін болады. ILAC – зертханаларды акредиттеу жөніндегі халықаралық ұйым.

«ENU-Lab» ғылыми-зерттеу зертханасы еліміздің өндірістік кәсіпорындары мен жетекші құрылыс компанияларымен меморандум бекітеді.

«ENU-Lab» құрылыс индустриясының 4 басым бағытын қамтитын бірден-бір акредиттелген кешенді зертхана. Міндеттері:

• Құрылыс материалдары мен бұйымдары зертханасы;

• Бетон және темірбетон өнімдері мен құрылымдары зертханасы;

• Геотехникалық зертхана;

• Бұзылмайтын әдіспен сынау зертханасы.

• Лабораториялық зерттеулер жүргізу үшін білім алушылардың зертханалық ресурстарға қол жетімділігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ студенттерге зертханалық зерттеулер жүргізу бойынша теориялық дағдылар мен практикалық білім беру.

• Құрылыс зертханалық қызметтерін қамтамасыз ету және құрылыс секторына инвестиция тарту үшін ғылыми және техникалық нәтижелерді коммерцияландыра отырып, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті зертхана қалыптастыру.

Ғылыми сынақ зертханасының салтантты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ҚР Акредиттеу ұлттық орталығының директор орынбасары Айтұхан Мусин, сондай-ақ, еліміздегі жетекші құрылыс компанияларының басшылары қатысады деп күтілуде.

Өтетін күні және уақыты: 2018 жылдың 5 наурызы, сағат 16.00.

Өтетін жері: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қажымұқан көшесі, 13а, №3 оқу-зертханалық кешені (Сәулет-құрылыс факультетінің ғимараты).