«Астанаға арнадым» атты эссе жазу, көркемдік және графикалық жұмыстар байқауы өтеді

Астананың 20 жылдығына орай, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасы «Астанаға арнадым» көркемдік және графикалық жұмыстарының байқауын жариялайды.

Мақсаты жастардың арасында Астана қаласының көркем және сәулет мұрасына деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін анықтау және қолдау, көркем шығармашылықты дамыту және дәріптеу.

Үйлестіруші ғылыми кітапхананың ғылыми-әдістемелік бөлімі

Өтетін мерзімі 2018 жылдың 21 сәуіріне дейін

Байқауға арналған жұмыстарын дайындауға және тапсыруға қойылатын талаптар

4.1 Байқауға арналған жұмыстар тақырыпты ашуы керек.

4.2 Әр жұмыстың өз атауы болуы керек.

4.3 Әр қатысушы бір ғана жұмысты ұсына алады.

4.4 Байқауға материалдардың форматы бойынша шектеулер жоқ.

4.5 Байқау жұмыстары Сауалнамаға толтырылған қатысушы бойынша ақпаратпен қабылданады.

4.6 Жұмыстар қайтарылмайды.

Анықтама телефоны: 36-204.

 

Эссе байқауы

Көркем және графикалық жұмыстар байқауы