Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «Smart nation.kz» ғылыми марафоны

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 2018 жылдың 12 сәуірінде студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «Smart nation.kz» ғылыми марафонына қатысуға шақырады.

Іс-шара «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты дәстүрлі 71-республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өткізіледі.

Секциялар:

· Заманауи филологиялық ғылымдар және әлемнің ұлттық бейнесі

· Еліміздегі және әлемдегі педагогика және психология: қазіргі теория және тәжірибе

· Қазақ қоғамының санасын жаңғырту үдерісіндегі әлеуметтік-гуманитарлық білім

· Жаратылыстану ғылымдары: инновациялық технологиялар мен идеялар

· Цифрлы Қазақстан: физика-математика ғылымдарының жаңа серпілісі

· Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет