Астана қаласының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2018 жылдың 30 наурызында өтетін 5В020300 – «Тарих» мамандығы бойынша X Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз.
Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету; қазіргі заманымыздың ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының 5В020300 – «Тарих» мамандығы бойынша оқитын студенттері қатыса алады. Оқу мекемесі жіберілетін команданы өздері тағайындайды, команданың мүшелері 4 студенттен аспауы керек, құрамында 1-4 курс курстарының студенттері болу керек.
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс
Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға өтінімдер 2018 жылдың 20 наурызына дейін арнайы бланктің электрондық нұсқасын толтыру керек (әрбір қатысушы үшін толтырылынады).
Мекен-жайы: Астана қ, Пушкин көшесі 11, немесе history_olimp@mail.ru электрондық поштасы.
Қосымша ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: 010010, Астана қаласы, Пушкин көшесі 11, (ФИТ ғимараты) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы, 312 кабинет.
Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар:
1. Мұсабалина Гүлнар Толевказиновна – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, +7 777 666 61 34
2. Қабылтаева Самал Қазизқызы – PhD докторы, +7 778 734 82 92 Электрондық пошта: history_olimp@mail.ru
Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындар (жол жүру, тамақ, тұру) жіберуші тарапынан жүзеге асырылады.