«Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагог кадрларды дайындау» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагог кадрларды дайындау» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз.

Мақсат: қоғам дамуының қажеттіліктері мен білім беруді жетілдірудің жаңа бағыттарына сәйкес педагогикалық кадрларды дайындау жүйесінің дамуына ықпал ету.

Конференцияға қатысушылар: ғалымдар, ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, педагогикалық кадрларды дайындайтын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-тәжірибелік орталықтарының педагог қызметкерлері.

Конференция жұмыстарының негізгі бағыттары:

1. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мамандарды даярлау

2. Мамандарды кәсіби дайындау үрдісінде «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру жолдары

3. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларды үздіксіз әлеуметтік-жеке тұлғалық дамыту үшін педагогтарды кәсіби дайындаудың оңтайлы тәсілдері

4. Білім беру мазмұнын жаңарту контекстінде қазіргі заманғы білім беру кеңістігін ұйымдастыру.

Баспа шығындарын жабу 3000 теңгені құрайды. Материалдар 2018 жылдың 15 наурызына дейін ainash-87@inbox.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.

Өтетін мерзімі: 2018 жыл 28 наурыз, сағат 10:00

Өтетін орны: Астана қаласы, «Гуманитарлық колледж» МКҚК, І.Жансүгірұлы көшесі, 4.

 

Ақпараттық хат